Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицей кітапханасында «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды 8«Ә», 8«Д» сынып оқушылары және сынып жетекшілері Сәрсен Дәуірхан. Урикбаева Дариға қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру, сезіндіру. Оқушыларды Отанды сүюге, ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Құндыз Тастанбекқызы: Міне оқушылар , тәуелсіздік бізге аспаннан түскен жоқ.Бәрі ерлік пен күрес арқылы келгенін көріп отырмыз. Сондықтан аспанымыз ашық болып, күніміз жарқырап, шапағатын бізге әруақытта шашып тұрсын деп сіздерге тілек айта отырып, бостандық, тәуелсіздік күні жарқырап тұрғанына биыл 32 жыл болып отыр деп сөзін қортындылады.