Ақпанның 14 күні мектебімізде Кеңес әскері Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған "Өшпес ерлікке мәңгілік тағзым" атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Мақсаты:
- оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
- өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
- Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Кездесуге Ауған соғысының ардагері Баяхметов Бағлан Солтанұлы ағамыз келіп, өз көзімен көріп, қатысқан соғыс туралы оқушыларға айтып, сұрақтарына жауап берді. Кездесу бітсе де, оқушылар ағамызбен сұхбаттасып, ыстық көңілдерін білдіріп, диалог жүргізді.
Кездесуді ұйымдастырған АӘД пәнінің ұстазы Байболатов Балтабай Қауашевич, 10 Б сынып оқушылары және сынып жетекшісі Махамбетова Р.Ш.