13.01 күні мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ» тақырыбында өткен жиналыстың І бөлімінде 4 мәселе қарастырылды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Наурызбаева І және ІІ тоқсандағы білім сапасына салыстырмалы талдау жасап, өзгеріс динамикасы туралы айтып өтті. Білім сапасы жоғары және төмен сыныптар бойынша ақпар берді.
Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Закарина бүгінгі күнге дейін жұмсалған қаражаттың есебін бере отырып, мектептің материалдық-техникалық базасының жаңартылуын айтты.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.К. Жунусов ата-аналардың міндеттері туралы қарастырды. Баланы тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі міндеті екенін айта отырып, тәрбиелеуді жүзеге асырмаған жағдайда әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл салынатынын ескертті.
Сонымен қатар балалардың форманы сақтамайтынын, талап бәріне ортақ екенін атады.
Балалардың сабақты себепсіз босатуының жиілегенін, ата-аналардың қатаң бақылауда ұстауын да айтып өтті.
2-бөлім – бетпе-бет кезеңі. Ата-аналар пән мұғалімдерімен жүзбе-жүз кездесіп, баласының оқу үлгерімі, тәртібі жөнінде сұрақтарын қойып жауап алды. Пән мұғалімдері оқушылардың сабақ барысындағы жетістіктері, жақсарту қажет дағдылары туралы ұсыныстарын берді.