«Зорлық-зормбылыққа жол жоқ. Балалардың құқықтарын қорғау» тақырыбында оқушылардың құқықтарын қорғау, оның ішінде жоғары сынып оқушылары арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің жедел аға уәкілі, полиция майоры Н.К.Сулейменовпен кездесу ұйымдастырылды.
Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айтып түсіндірілді.
Сонымен қатар, мектебіміздің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджері С.Досжанова «Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік туралы» сөз қозғады.