5-10 сынып оқушылары 11 қаңтар күні Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына қонақ болып, "Жошы Хан" қойылымын тамашалады.
Тарихта аты белгілі Шыңғыс ханның ел басқаруы, ұлдары Жошы, Шағатай, Үгедейдің жорықтарды басқарудағы көріністері, ел ішіндегі тату халықты араздастырғысы келген адамдардың іс-әрекеті, әкенің балаға деген махаббаты, Шыңғыс ханның өз ұлдарына ұлысты бөліп беруі мен Жошы ханның Қазақ даласына келуі, ақ киізге көтеріп "Хан" сайлауын керемет, жоғары деңгейде жеткізге білген қойылым болды.
Оқушылар үшін танымды, қызықты, өте пайдалы қойылым болды!Тарихты көзбен көргендей керемет әсер алған танымдық қойылым!