"Алғыс айту" күніне орай ұйымдастырылған "Жақсылық жаса" акциясы аясында мектебіміздің 10-сынып оқушылары ардагер ұстаз Гафарова Ляля Мендыгалиевнаның үйіне барып, ауласын қардан тазартты. «Жас келсе – іске» демекші, жастар қайраты мен қарымын көрсетіп, үлкеннің ризашылығын алды. Ардагер ұстаз оқушыларға батасын беріп, мектеп ұжымына алғысын айтты.