15 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 5 «Ә», 9 «Б», 9 «Г» сыныптарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мақсатымыз оқушыларымыздың бойына тарихи танымын, ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіру. Отанды сүюге және патриоттыққа, ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамы үшін күрескен ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.