​Ұлттық ойындар – бабаларымыздан қалған асыл қазына, ұлттық мұра. Сондықтан оқушыларды салауатты өмір салтына насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Республика күні мерекесіне орайластыра қазақ ұлттық ойындарынан сайыс өтті. Сайыс барысында оқушыларымыз бен әкелеріміз асық атып мергендігін танытса, арқан тарту арқылы білек күшін ғана емес, командалық намысты да қорғады.