Шәкәрім атындағы № 56 мектеп-лицей кітапханасы «Оқуға құштар жобасы» аясында «Өміріңіз кітап оқумен мәнді» Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» романына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.10«Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Айгүл Өмірқызы сұрақ - жауапқа белсене қатысып романды өте қызықты талдап оқушылар марапатқа ие болды.
Роман — өз дәуіріндегі тәуір шығармалардың қатарында бағаланған дүние. Онда жазушы қазақ шаруаларын ұжымдық еңбекке біріктірудің социалистік принциптерін құптай отырып, оның падасын Шығанақ, Олжабек тағдырлары арқылы ашады. Өмір бойы жерді кәсіп еткен, бірақ одан жарымды өнім ала алмаған Шығанақ ұжымдық ортада жаңа техниканың көмегін пайдалана отырып, дүниежүзілік рекорд жасайды. Олжабек те көп уақыт өнімді еңбек етіп, пайдасын көре алмай жүріп, іздегенін колхоздан табады. Еңбек істеген адамға ұжымның пайдалы екенін көрсетеді. Сондай-ақ, жаңа заман өкілі, жас еңбеккерлерді де назардан тыс қалдырмайды. Амантай, Жанбота бейнелері арқылы жаңа дәуір еңбекшілерінің образын жасайды. Диханшылықпен айналысып, үлгілі еңбек еткен ауыл адамдарының бейнесі Ғабиден Мұстафиннің басқа шығармаларында да көрініс тапқан.