Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицей кітапханасы 2024 жылдың 2 акпан күні «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» (М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған өлеңдерін жатқа айту сайысы) 8 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау; ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру; оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып, олардың өнерінің шыңдала түсуіне арқау болу.
Қазақ поэзиясының марқасқасы, өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш ерекше сезім мен сырға толы болды. Жүлделі орындарға ие болды.
✍🏼Бас жүлде «8 Е» Нұрымбет Аружан
✍🏼1 орын «8 Г» Нығмет Махаббат
✍🏼2 орын 8 «Д» Мұхтар. Аяулым
✍🏼3 орын 8 »Туртаев Рахат
✍🏼3 орын 8 «А» Сайлау Назерке