Шәкәрім атындағы №56 мектеп –лицейі мектепалды 0 «Ә»сыныбында 12-23 ақпан 2024 ж аралығында «Қауіпсіз балалық шақ» балалардың қауіпсіздігін арттыру онкүндігіне орай ұйымдастырылған іс әрекеттер болып өтті.
Мақсаты:Балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсінік беру. Қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету,қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту, өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс әрекет барысында балалар қауіпсіздік ережелері,жолда жүру,көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы түсінік алды.Салауатты өмір салты жайлы да балаларға ақпарат берілді.Балалар қауіпсіздік ережелері жайлы видеоролик тамашалап,жол белгілерімен танысты.