25-қазан Республика күні мерекесіне орай мектебімізде "Ерікті ел-Қазақстан" тақырыбында 8 "В", 9 "А" сыныптарының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада мектеп оркестрының орындауында "Балбырауын" күйімен ашылып, оқушылар Рәміздер, Тәуелсіздік тақырыбында монолог оқып, ұйымдастырушы сыныптардың қыздары қазақ, тәжік ұлттарының биін билесе, ұлдар "Адай" күйін орындады. Жеке номерлерде патриоттық әндер орындалды.