Мектебімізде 3 сынып оқушылары арасында “Цифрлық әлемге саяхат” атты интеллектуалды сайыс өтті. Оқушылар АКТ пәнінен алған білімдерін көрсете білді. Ерекше көзге түсіп, белсене қатысқан 3”В” сынып оқушысы Ғаниқызы Ұлбике суырылып алға шықса, 3”Г” сынып оқушысы Полатханов Алихан да өзінің алғырлығымен көзге түсті. 3”Ә” сынып оқушысы Тұрсынбай Жансерік те компьютерді жеңіл басқара алатындығын таныта білді. Жарысты ұйымдастырған АКТ пән мұғалімдері Г. Касиетова мен Ж. Мухановаға, оқушылардың сайысын әділ бағалаған А.Абеуов пен Ә.Көппайға алғысымызды білдіреміз.