28.10 күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтарының жұмысы аясында мектебімізде «Бірыңғай ашық есік күні» өткізілді. Мақсаты ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету. «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында мектебіміздің әкелері бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, шешім іздеді.