Мақсаты:Балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсінік беру. Қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету,қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту, өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс әрекет барысында балалар қауіпсіздік ережелері,жолда жүру,көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы түсінік алды.Салауатты өмір салты жайлы да балаларға ақпарат берілді.Балалар қауіпсіздік ережелері жайлы видеоролик тамашалап,жол белгілерімен танысты.



