"Айбын" әкелер клубының жұмыс жоспарына сай 27.11 күні Astana IT University-нің оқытушысы, 8"В" сынып әкесі Мұрат Қайратұлы 10-сыныптарға мамандық таңдаудың маңызы, адам болашағын қалыптастырудағы орны туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Мамандықты қалай таңдау керектігі жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Болашақта сұранысқа ие мамандықтар туралы баяндады. Алтын уақытымен бөлісіп, дәріс ұйымдастырған Мұрат Қайратұлына, 8 "В" сынып жетекшісі Айнұр Төкенқызына мектеп әкімшілігі мен ұстаздары атынан алғыс айтамыз!!!