Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Наурызбаева Алма Еркінқызы жас ұстаздар мен 11-сынып оқушылары арасында «Атажұрт» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Сайыс барысында қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлы тұлғалар Шоқан, Абай, Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығына қатысты танымдық сұрақтар қойылды. 5 кезеңнен тұратын тартысты ойын өтті.