Ата-аналарға мектеп ережесі.
1.Білім заңының 49- бабын негізге ала отырып, баланың оқу орынындағы сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге, себепсіз сабақ қалдырмауға ата-аналар міндетті.
2.Мектеп тәртібіне сай баланы мектеп формасын сақтауына, ата-ана қамтамасыз етеді.
3.Мектеп ережесінде айтылған бағалы заттарды әкелуге тыйым салынады.
4.Білім беру заңының 6 тарау 48 бабына сүйене отырып, кешкі мезгілде сағат 21.00 - ден кейін ата-ананың қатысынсыз оқушыларға көшеде жүруіне тыйым салынады.
5. Ата-ана баласының сабағына қатысуы тиіс.
6.Оқушы сабақтан кешіккен жағдайда екі рет ескертуден кейін, ата-анасы шақырылып, мектеп ережесіне бағынбағаны үшін шара қолданылады.
7.Жалпыға бірдей білім беру заңының орындалуы қатаң сақталады.Ата-ана баласын себепсіз сабақтан қалдырмауы тиіс.Сабақтан қалған жағдайда ата-ана мектеп әкімшілігіне түсініктеме жазады.
8.Сынып жетекшісімен үнемі байланыста болып, көмек көрсету, шақырған уақытында келу, қоғамдық жұмыстарға, мектепте өткізілген оқу-тәрбие үрдісіндегі шараларға қатысуға міндетті.
9.Баласы мектептің мүлкін бүлдірген жағдайда ата-ана тікелей баласының іс-әрекеті үшін жауап береді.
10.Жиналыста айтылған сынып жетекшінің ата-аналарға қойылған талабын орандауға және қабылданған қаулыны бұзбауға міндетті.
11.Әр тоқсан сайын өткізілетін оқушының білім деңгейіне қатысты педагогикалық кеңесте қабылданған қаулыны ата-ана бұзбауы тиіс.