"Әке-бір сөз, үш әріп, мәңгі мағына" тақырыбында 2024 жылдың 24-ақпан күні "Ата-аналарды қолдау" орталығының жоспарына сәйкес әке мектебінің ашық есік күні өтті. Мақсаты: бала тәрбиесіндегі әкенің рөлінің зор екендігін түсіндіру; отбасы құндылықтарын насихаттау; әкелердің отбасындағы және қоғамдағы жауапкершілігін арттыру. Отбасы құндылықтары туралы ақпараттар айтылып, әсерлі бейнеролик көрсетілді. Өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті және ұсыныстарын білдірді.