Оқу жылының екінші тоқсанынан бастап Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен✍🏻Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейі «8 минуттық көркем әдебиет оқу» жобасын бастады.
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын кеңейту мақсатында ұйымдастырылып отырған жоба аясында балалар күнде 8 минут кітап оқиды. Яғни, әр ауысымның алдында сабақ басталмас бұрын 8 минут уақытын кітап оқуға бөледі.