«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған.
Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.
Міндеттері:
✓ білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту
✓ білім алушылардың табиғатқа ұқыптылықпен қарауға баулу
✓ еңбекке деген құрмет сезімін ояту. Бұл шараға тек мектеп оқушылары ғана емес ата-аналар, мектеп ұжымы және "жасыл ел" отряды белсенділікпен қатысты
