Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсы
Астана қаласы әкімдігінің Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицей ШЖҚ МКК 2024-2025 оқу жылында (уақытша декреттік демалысқа шыққан негізгі қызметкердің орнына) көркем еңбек пәнінің мұғалімі ваканттық орнына конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
- Жоғары педагогикалық білім
- Көркем еңбек пәнінің мұғалімі мамандығы
- 3 жылдан кем емес еңбек өтілі
- Жалақысы (оклад) 145.115 тг
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі талапқа сай болу керек.
Конкурсқа қатысу үшін Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес құжаттар тізімі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
27.09.2024 – 08.10.2024ж сағат: 11:00 аралығы
Конкурс өткізілетін орын: Астана қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Мекеменің мекенжайы: Астана қаласы, Т.Шевченко 3 үй.