20.02.2025 ж күні мектебімізде «Teachclab» жастар бірлестігінің ОқиDaKөр кітап оқу клубының ашылу салтанаты өтті.
Алғашқы кітап оқу клубында әр пән бірлестіктері Л.Н. Толстойдың шығармаларының үзінділерін талқылылап, «үздік спикерді» ретінде биология пәні мұғалімі -С.Д.Елекенова анықтады. «Үздік спикер» мұғалімдердің дауыс беруі арқылы анықталды. Бұл бастама шығармашылық пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып, рухани жаңғыруға серпін берді.
Кешіміздің арнайы қонағы Кітап насихаттаушы блогер @ainur_bulaqbai болды.
19.02.2025 ж күні педагогтер арасында тәжірибе алмасу мақсатында биология пәнінің мұғалімдері А.Б Туткышбаева мен Т.Т. Аскарова «Биология сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану» атты шебер-сынып өткізілді. Шебер сыныпта Биология сабағында логикалық жүйеге құрылған тапсырмалар арқылы өтілген тақырыптардан қайталау, пысықтау, талдау сияқты тапсырмаларды орындауда «Baamboozle”, ”Wooclap”, Object viewer” 3 D safari,” 4d Animal”, топқа бөлуде «Stopwatch”, кері байланыс алуда Gunzy платформаларымен жұмыс жасаудың тиімділігі көрсетілді.